23 қаңтар күні Алматы уақытымен сағат 00:03-те жер сілкінісін тіркеді
Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі 23 қаңтар күні Алматы уақытымен сағат 00:03-те жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Зілзала ошағы Алматыдан солтүстік шығысқа қарай 298 шақырым қашықтықта, Қазақстан аумағында орналасқан.
Энергетикалық класы – 9.4.
MPV магнитудасы – 4.1.
Эпицентр координаттары – 44.44° с.е. 80.20° ш.б.
Тереңдігі –15 км.
Сезілуі жайлы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша) жоқ.