Қытайда тағы жер сілкінді

04.02.2024 14:31

Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 273 шақырым жерде болды

Сгенерировано ИИ

Қазақстандық сейсмологтар түнде Қытайда тағы екі жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық орталығының мәліметіне сілтеме жасап.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі сағат 00:20-да жер сілкінісін тіркеді. Жерасты дүмпуінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 273 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 11.3.

Магнитудасы – MPV 4.7.

Жер сілкінісінің координаттары – солтүстік-батыс бойынша 41,07°. 78,55°ш.б.

Тереңдігі – 5 км.

- Қазақстан аумағында сезілуі (MSK-64 шкаласы бойынша) білінген жоқ, - делінген хабарламада.

Таңғы сағат 4:15-те ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 280 шақырым жерде, Қытайда тағы бір жер сілкінісі тіркелді.

Бір күн бұрын Қытайда үш рет жер сілкінген болатын.

Оқи отырыңыз: Алматыда тағы да жерасты дүмпулері тіркелді