Синоптиктер 14 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Аlmaty.tv «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Антициклон әсерінен республиканың барлық аумағында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Солтүстік-шығыста, оңтүстік-шығыста, елдің орталығында фронтальды бөлімдердің әсерінен жаңбыр жауып, оңтүстік-шығысында найзағай болады», - деп атап өтті синоптиктер.
Республика бойынша оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында шаңды дауыл тұрып, жел күшейеді.
Еліміз бойынша түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түседі.
Ақтөбе, Ұлытау облыстарында, Жетісу облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, Қызылорда облысының солтүстік-шығысында, солтүстік-батысында, Алматы облысының батысында, солтүстігінде, Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, Қарағанды облысының батысында, орталығында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында, Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында, Қарағанды облысының шығысында, Алматы облысының орталығында, Ұлытау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Абай облысының батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде, орталығында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Оқи отырыңыз: Қыркүйекке ауа райы болжамы жарияланды