|
22.07.2023 | 09:33
465

Бүгін еліміздің басым бөлігінде қатты ыстық болады

Кей өңірлерде найзағай ойнап, бұршақ жауады

Бүгін еліміздің басым бөлігінде қатты ыстық болады Фото ашық дереккөзден

Бүгін, яғни 22 шілдеде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақаталады, жаңбыр жауады, найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Қазгидромет» РМК-ның хабарлауынша, республикамыздың оңтүстігінде, оңтүстік-батысында және орталығында жауын-шашынсыз ауа рfйы сақталады. Республика бойынша жел күшейеді, түнде және таңертең солтүстікте тұман, күндіз оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады.

«Күндіз Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, Түркістан, Алматы, Жетісу облыстарында, Қарағанды, Абай, Ақтөбе, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде 35-40°С қатты ыстық болады. Түркістан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ұлытау, Жетісу, Абай облыстарының басым бөлігінде, Қызылорда облысының орталығында, шығысында, Павлодар облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында, Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында, Атырау облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады», - деп жазды синоптиктер.

Алматы, Солтүстік Қазақстан облыстарында, Қостанай, Атырау облыстарының оңтүстігінде, Ақмола облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қауіпі бар.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир