|
06.01.2024 | 09:35
1656

Тұман, көктайғақ, жел: 6 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Кейбір өңірлерде бұрқасын күтіледі

Тұман, көктайғақ, жел: 6 қаңтарға арналған ауа райы болжамы elements.envato.com

Ұлытау облысы

06 қаңтарда Ұлытау облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Жезқазған қ.: 06 қаңтарда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Қарағанды облысы

06 қаңтарда Қарағанды облысының түнде орталығында, оңтүстігінде, күндіз солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстік-шығысында күтіледі. Қарағанды қ.: 06 қаңтарда жаяу бұрқасын күтіледі.

Атырау облысы

06 қаңтарда Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ сақталады. Атырау қ.: 06 қаңтарда кей уақыттарда тұман сақталады.

Астана

Астана қ.: 06 қантарда тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі.

Маңғыстау облысы

06 қаңтарда түнде Маңғыстау облысының оңтүстігінде, батысында, күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде көктайғақ, тұман күтіледі.

Қостанай облысы

06 қаңтарда Қостанай облысының басым бөлігінде бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады күндіз облыстың батысында 15-20 м/с. Қостанай: 06 қаңтарда бұрқасын күтіледі.

Батыс Қазақстан облысы

06 қаңтарда түнде Батыс Қазақстан облысының батысында, шығысында, күндіз облыстың басым бөлігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Орал қ.: 06 қаңтарда күндіз көктайғақ күтіледі.

Ақмола облысы

06 қаңтарда Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын, жолдарда көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Павлодар облысы

06 қаңтарда түнде және таңертең Павлодар облысының батысында бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады облысының батысында түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысы

06 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысының басым бөлігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында бұрқасын, облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20 м/с. Өскемен қ.: 06 қаңтарда көктайғақ күтіледі.

Қызылорда облысы

06 қаңтарда Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде, шығысында тұман, түнде және таңертең облыстың орталығында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Қызылорда қ.: 06 қаңтарда кей уақытта тұман, түнде көктайғақ күтіледі.

Абай облысы

06 қаңтарда түнде Абай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын, облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, Жарма ауданында екпіні 25 м/с. Семей қ.: 06 қаңтарда күндіз көктайғақ күтіледі.

Ақтөбе облысы

06 қаңтарда түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз батысында, солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Ақтөбе қ.: 06 қаңтарда көктайғақ күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысы

06 қаңтарда түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Жамбыл облысы

05-07 қаңтарда Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. 05-07 қаңтарда оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, 05 қаңтарда тәулік бойы, 07 қаңтарда күндіз екпіні 23-28 м/с күтіледі. Тараз қ.: 06, 07 қаңтарда түнде және таңертең тұман күтіледі. 05 қаңтарда тәулік бойы, 07 қаңтарда күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23 м/с күтіледі.

Оқи отырыңыз: Алматы қаласы бойынша 8-14 қаңтар аралығындағы ауа райы болжамы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир