Алматыда алғашқы қар жауды

фото Victor Glutsenko
фото Victor Glutsenko
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Биыл Алматыға қыс ерте келді. Шаһарда 6 қазанда алғашқы қар жауды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Қала тұрғындары алғашқы қардың суреттері мен бейнежазбаларын әлеуметтік желілерде жарыса бөлісіп жатыр.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, бүгін Алматыда күндіз ауа температурасы – 1, түнде – 3 градусқа дейін төмендейді.

Бүгін түнгі сағат 2.10-нан бастап қар аралас жаңбыр  жауып, арты қарға ұласты. Мұндай ауа райы  7 қазанға дейін жалғасады деп болжанып отыр. Таңертеңгі сағат 06.00-де таулы және тау бөктеріндегі аудандарда 3 см қар жауды, ал қалада топырақтың жылы болуынан қар еріп жатыр.

Таулы және тау бөктеріндегі жерлерде орналасқан көктайғақтың алдын алу мақсатында материалдар себіледі, сондай-ақ биік тау жолдарындағы (Шымбұлақ) қар тазаланды.

285 бірлік арнайы техниканың, оның ішінде 97 құм шашқыш және 164 жол жұмысшысынан тұратын түнгі кезекшілік жұмыстары ұйымдастырылды.

Аудандық әкімдіктерде қар тазалау жұмыстарының барысын бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.

Новости партнеров