Синоптиктер 8 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады

08.09.2024 14:36

Бірқатар өңірде найзағай ойнап, жаңбыр жауады

Victor Glutsenko

Синоптиктер 8 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен ҚР аумағының басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

«Түнде елдің шығысында, оңтүстік-шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Батыста, республиканың орталығында антициклон әлі де жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. ҚР бойынша жел күшейеді, солтүстікте, шығыста түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түседі», - делінген хабарламада.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының шығысында 2 градус үсік жүреді.

Ұлытау облысында, Жетісу облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, Қызылорда облысының солтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, батысында, орталығында, Алматы облысының солтүстігінде, Қарағанды облысының батысында, шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында, Ұлытау облысының оңтүстігінде, Абай облысының батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Оқи отырыңыз: Қыркүйекке ауа райы болжамы жарияланды