Алматыдан 280 км қашықтықта жер сілкінді

01.04.2023 16:05

«Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС-нің сейсмикалық станциялар желісі Алматы уақытымен 1 сәуір, сағат 01:52-де жер сілкінісін тіркеді

inform.kz

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС-нің сейсмикалық станциялар желісі Алматы уақытымен 1 сәуір, сағат 01:52-де жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 280 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында орналасқан.

Энергетикалық санаты – 11,0.

MPV магнитудасы – 5,1.

Тереңдігі – 10 шақырым.

МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы мәліметтер жоқ.