«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі 12 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қазақстан аумағының басым бөлігі әлі де оңтүстік циклон ықпалында болады. Осыған байланысты жауын-шашын, кей жерлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, тұман, көктайғақ болады, жел күшейеді.
Тек Казақстанның қиыр солтүстік-шығысында суық антициклонның әсерінен жауын жаумайды, күн ашық. Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, батысында жаяу бұрқасын.
Желдің қарқыны - 15-20 м/с. Солтүстік Қазақстан облысының батысында тұман түседі. Түркістан облысының батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай ойнайды, желдің күші 15-25 м/с жетеді. Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында жел екпіні 18 м/с дейін күшейеді. Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман, түнде облыстың батысында секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Маңғыстау облысының оңтүстігінде – тұман, күндіз облыстың батысында жел қарқыны - 15-20 м/с. Алматы облысының солтүстігінде, таулы аудандарында - тұман, көктайғақ, күндіз облыстың шығысында желдің күші 15-20 м/с жетеді. Қостанай облысының оңтүстігінде, батысында – жаяу бұрқасын, тұман, облыстың солтүстігінде, батысында жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.
Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде – тұман, көктайғақ, облыстың солтүстігінде – жая бұрқасын, түнде және таңертең жел екпіні - 15-20 м/с. Шығыс Қазақстан облысының батысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Түнде облыстың солтүстігінде тұман түседі. Қызылорда облысының солтүстігінде - көктайғақ, облыс орталығында – тұман түседі. Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман, облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында жел 15-25 м/с дейін күшейеді.