Қар мен аяз: алдағы күндері Алматыда ауа райы қандай болады

06.12.2022 14:39

6-8 желтоқсан аралығына арналған синоптиктер болжамы

фото Victor Glutsenko

Ауа райы болжамына сәйкес, Алматыда 6 желтоқсанда күндіз және кешке ауа температурасы -6 градус сезілгенімен,  -4 градус болады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Күндіз аздап қар жаууы мүмкін.

7 желтоқсанда да күн салқын болады. Таңертең сағат 6-да ауа температурасы -6 болса, 15:00-ге қарай ауа 3 градус аязға дейін жылынады, бірақ ол -10 секілді сезілетін болады. Одан кейін кешке және түн ортасына дейін минус белгісімен 4 градусқа жетеді. Мегаполисте күндіз қар жаууы мүмкін, қысым 691 мм сын.бағ. және жел – 5 м/сек.

Бейсенбі, 8 желтоқсанда қалада ерекше өзгерістер болмайды. Күні бойы ауа температурасы -5 градус болып, сағат 15:00-де ғана -4 градусқа дейін көтеріледі. Қар да болуы мүмкін, қысым 691 мм сын.бағ. және жел – 3 м/сек.

Дереккөз: weather.rambler.ru.