Мердігер ұйымдар көшелерге көктайғақтың алдын алу үшін 3 100 тонна құм төкті
Алматыда түн ішінде қалыңдығы 30 сантиметрге жететін қар түсті, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің Жасыл экономика басқармасы.
Басқарманың хабарлауынша, бүгін таңертеңгі 08:00-ден бері қалада жауған қардың қалыңдығы 20 см-ге жетсе, таулы аймақтарға 30 см-ге жуық қар түскен.
Қарды тазалауға 574 техника жұмылдырылды. Мердігер ұйымдар көшелерге көктайғақтың алдын алу үшін 3 100 тонна құм төкті.
Күндіз 718 арнайы техника мен 2,2 мың жол жұмыскер шықты.
Басқарма өкілдері тұрғындарға жеке көліктерін жол шетінде қалдырмауды сұрайды. Әйтпесе тротуар маңының қардан тазалануына кедергі келтіреді.
Ескертуді елемегендердің көліктері эвакуатормен алынып тасталады.