Қазақстан аумағында сезілгені туралы ақпарат жоқ екені атап өтілді
Қазақстандағы сейсмикалық датчиктер Қытайда болған кезекті жерасты дүмпулерін тіркеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Жер сілкінісін ТЖМ "СБЗҰҒО" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 27 мамырда Астана уақыты бойынша сағат 03:19-да тіркеді.
"Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 291 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9,6. MPV магнитудасы - 4,1", - делінген хабарламада.
Қазақстан аумағында сезілгені туралы ақпарат жоқ екені атап өтілді.
Оқи отырыңыз: Алматыда кезекті заңсыз нысан бұзылды