|
26.06.2022 | 09:45
16631

Еліміздің 12 өңірінде аптап ыстық болады

Республиканың барлық аумағында екпінді жел тұрады

Еліміздің 12 өңірінде аптап ыстық болады inbusiness.kz

Қазгидромет 26 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен Қазақстан аумағының солтүстік бөлігінде және оңтүстік-шығысында құбылмалы күн райы сақталады: күн күркіреп, жаңбыр жауады, бұршақ, дауыл күтіледі. Республиканың барлық аумағында екпінді жел тұрады.

Күндіз Шығыс Қазақстан, Абай облыстарының оңтүстігінде, Қызылорда, Ұлытау, Қарағанды, Павлодар, Маңғыстау, Атырау, Түркістан, Жетісу, Алматы, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде қатты ыстық сақталады. Күндіз Жамбыл облысының солтүстігінде, Түркістан облысының шөлді аумағында, Жетісу, Алматы облыстарының солтүстігі мен шығысында өте қатты ыстық болады.

Қызылорда облысының басым бөлігінде, Абай, Алматы облыстарының батысында, Атырау облысының батысы мен шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, Ұлытау ауданының оңтүстік-батысында, Қарағанды, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарының оңтүстік-шығысында, Павлодар облысының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир