БҚО-да жоғалған баланың денесі 3 күннен кейін табылды
СС0 / Dana Tentis
Бала Батыс Қазақстан облысындағы Шалқар көлінде жоғалып кетті
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Құтқарушылар Шалқар көлінде жоғалған 9 жасар баланың денесін тапты. Бұл туралы Almaty.tv тілшісі Sputnik сайтына сілтеме жасап хабарлады.
"Баланың денесін құтқарушылар мен еріктілер тапты, оны толқын жағаға шығарып тастаған", - дейді құтқарушылар.
Еске сала кетейік, 22 маусымда сағат 16:45-те Теректі ауданындағы Сарыөмір ауылынан бала жоғалғаны туралы хабар түскен. Шалқар көлінде үрлемелі матраспен жүзіп жүрген 9 жасар ұл баланы жел әкетіп қалған. Жағада туыстары болған. 66 жастағы атасы немересінің алыс кеткенін көріп, суға секірген. Бірақ екеуі де оралмаған. Түнгі сағат 23:00-де құтқарушылар ер адамды көлдің арғы бетінен тапты. Ол баланың артынан жүзіп, көз жазып қалғанын айтты.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
04.11.2026 08:20
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
04.11.2026 08:11
Фатима Сұпығалиева дзюдодан жасөспірімдер Олимпиадасында топ жарды
03.11.2026 08:30
Әсел Жанасова Көлік министрі болып тағайындалды
03.11.2026 18:25