|
20.05.2019 | 09:46
3581

Еліміздің 5 өңірінде үсік жүреді

Тек батыста, оңтүстік-батыста жауын-шашынсыз күн райы сақталады

Еліміздің 5 өңірінде үсік жүреді

Бүгін Қазақстанның бірқатар өңірлерінде жаңбыр жауады. Тек батыста, оңтүстік-батыста жауын-шашынсыз күн райы сақталады. Республиканың кей аймақтарында найзағай, тұман, желдің тұрып, бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі «Қазгидромет» РМК сілтеме жасап.

Алматы облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, түнде Жалаңашкөл ауданында жел 17-22 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының бірқатар аймақтарында найзағай ойнап, дауыл тұрады, желдің екпіні 25 м/с артады. Шығыс Қазақстан облысында бұршақ жаууы мүмкін. Қарағанды облысында тұман түседі.

Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай, шаңды дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, желдің күші 23 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай ойнап, дауыл тұрып, бұршақ жаууы ықтимал, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай облысында найзағай, тұман, бұршақ жауады, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Ақмола облысында кей жерлерде найзағай ойнап, тұман түседі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл, Түркістан облыстарында таңертең және күндіз кей жерлерде найзағай ойнайды, жел 15-20 м/с артады.

Жамбыл облысында дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз Павлодар облысында кей жерлерде найзағай, бұршақ күтіледі, желдің екпіні - 18 м/с.

Күндіз Ақтөбе облысының бірнеше аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде үсік күтіледі - 1-3 градус.

Қызылорда, Түркістан облыстарының жекелеген аумақтарында жоғары өрт қаупі сақталады.                  



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир