ШҚО-да оқушылар қашықтан оқуға ауыстырылды

25.01.2023 в 14:47

25 қаңтарда ауа температурасының төмендеуіне байланысты бірінші ауысымдағы сабақтар қашықтан оқыту форматына көшірілді

ШҚО-да аязға байланысты мектептер мен колледждер қашықтан оқыту форматына көшірілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

25 қаңтарда ауа температурасының төмендеуіне байланысты Күршім ауданында бірінші ауысымдағы сабақтар 0-сыныптан 4-сыныпқа қашықтан оқыту форматына көшірілді (Қ.Нұрғалиев атындағы гимназия, Ақбұлақ, Қазақстан, Қалжыр орта мектептері).