Алматыда ауа райы бұзылып, жаңбыр жауады

09.04.2024 14:49

Күндіз 465 бірлік арнайы техника, 29 мотопомпа және 820 жол жұмысшысы жұмылдырылады

Victor Glutsenko

9 сәуірде сағат 14:00-ден кейін Алматы қаласында жаңбыр жауады деп күтілуде, сағат 16:00-ден 20:00-ге дейін жауын-шашын болжанып отыр. Биіктігі 15 мм-ге дейін жетеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасына сілтеме жасап.

320 жұмысшы мен 96 бірлік арнайы техниканың күшімен судың кедергісіз өтуін қамтамасыз ету мақсатында арық желілерін, арық өткелдерін және қоқысқа арналған "ойық жерге" тазалау жұмыстары жүргізілуде.

Жауын-шашын кезінде су басудың алдын алу және проблемалық учаскелерде судың кедергісіз өтуін қамтамасыз ету үшін шанц құралымен жабдықталған 52 жедел мобильді бригаданың кезекшілігі ұйымдастырылатын болады. 2 мыңнан астам қап құм дайындалды. Күндіз 465 бірлік арнайы техника, 29 мотопомпа және 820 жол жұмысшысы жұмылдырылады.

Ауа райының бұзылуына байланысты жүргізушілерге ағаштардың құлау және электр желілерінің үзілу қаупіне байланысты автокөлікті жол жиегіне қоймауға кеңес береміз. Су тасқынының алдын алу үшін қала тұрғындарынан арық пен каналды қоқысқа толтырып, бітеп тастамауды сұраймыз. Қандай да бір аумақты су басса, жедел шара қолдану үшін аудан әкімдіктеріне жүгінуге немесе +7 706 689 8898 What’s app нөміріне хабарлама жазуға болады.

«Қазгидромет» РМК болжамы бойынша ертең жаңбыр жауады, күндіз ауа температурасы +17...+19°С.

Оқи отырыңыз: Алматы қаласы бойынша 8-14 сәуір аралығындағы ауа райы болжамы