Елімізде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

15.03.2023 14:49

Өзендегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты бірнеше ауданда су тасқыны болып, су басуы мүмкін

rus.azattyq-ruhy.kz

Қазақстанның бірқатар өңірінде 15 наурызда синоптиктердің хабарлауынша ауа райы нашарлап, дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Алматы облысы

2023 жылдың 15-17 наурыз аралығында Үлкен және Кіші Алматы су алабында қар жамылғысының тұрақсыздығы мен биіктігінің жоғары болуына және қатты жауын-шашынның күтілуіне байланысты қар көшкіні қаупі сақталады.

Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты, қарлы беткейлерге шығу ұсынылмайды. Тауда абай болыңыздар.

Ақмола облысы, Ақтөбе облысы, Атырау облысы, Шығыс Қазақстан облысы, Батыс Қазақстан облысы, Павлодар облысы, Солтүстік Қазақстан облысы

2023 жылдың 15 мен 17 наурыз аралығында Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында аралас жауын-шашын болжамына, сондай-ақ температуралық фонның жоғарылауына байланысты қарқынды қар еруі, еріген қар ағындысының қалыптасуы, мұздық құбылыстың әлсіреуі және өзенде су деңгейінің көтерілуі күтіледі, бұл ретте судың жайылуы және тасқыны болуы мүмкін.

2023 жылғы 15 мен 17 наурыз аралығында Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында ауаның оң мәнді температурасының сақталуы мен ары қарай жоғарылау болжамына сәйкес қарқынды қар еруі, еріген қар ағындысының қалыптасуы, мұздық құбылыстардың әлсіреуі және өзенде су деңгейінің көтерілуі сақталады, бұл ретте судың жайылуы және тасқыны болуы мүмкін.

2023 жылдың 15 мен 17 наурыз аралығында Ақтөбе облысында орналасқан өзен алабының жоғары жағынан ағып келетін суға байланысты Атырау облысының Қызылқоға ауданындағы өзенінде су деңгейінің көтерілуі күтіледі және елдімекендерді су басу қаупі бар.

Қызылорда облысы

15 наурызда Қызылорда облысында жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с күтіледі.

Маңғыстау облысы

Күндіз 15 наурызда Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с күтіледі. 

Ақтау қ.: 15 наурызда шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қостанай облысы

15 наурызда Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында қар, облыстың оңтүстігінде жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын. Облыстың оңтүстігінде тұман, көктайғақ. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады түнде солтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 23 м/с. Ауа температурасы күндіз 0-5 аяз, облыстың оңтүстігінде 3 градус жылы. 

Қостанай қ: 15 наурызда солтүстік-батыстан жел соғады оңтүстік-батысқа ауысады түнде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қарағанды облысы

15 наурызда түнде Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, күндіз солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Желдің бағыты оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Қарағанды қ.: 15 наурызда күндіз көктайғақ күтіледі.

Ақмола облысы

15 наурызда Ақмола облысында түнде басым бөлігінде, күндіз солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (көбінесе қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, батысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, батысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Көкшетау қ.: 15 наурызда түнде және таңертең жауын-шашын (көбінесе қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ұлытау облысы

15 наурызда Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ күтіледі. Желдің бағыты оңтүстік-шығыстан солтүстікке ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Жезқазған қ.: 15 наурызда түнде көктайғақ күтіледі. Желдің бағыты оңтүстік-шығыстан солтүстікке ауысады, күндіз екпіні 18 м/с күтіледі.

Батыс Қазақстан облысы

15 наурызда түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. 

Орал қ.: 15 наурызда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Абай облысы

14 наурыздың сағат 21:00-ден 15 наурыздың сағат 21:00-ге дейін Семей қаласы бойынша, күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайға байланысты, ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескертуі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысы

14 наурыздың сағат 21:00-ден 15 наурыздың сағат 21:00-ге дейін Өскемен, Риддер қалалары бойынша, күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайға байланысты, ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескертуі сақталады.

Ақтөбе облысы

15 наурызда Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жолдарда көктайғақ күтіледі. Желдің бағыты солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. 

Ақтөбе қ.: 15 наурызда жолда көктайғақ күтіледі.

Атырау облысы

15 наурызда күндіз Атырау облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с. 

Атырау қ: 15 наурызда күндіз шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.

Павлодар облысы

15 наурызда таңертең және күндіз Павлодар облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың батысында, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы күндіз 2-3 градус жылы, облыстың оңтүстігінде 8 градус жылы. 

Павлодар қ.: күндіз 15 наурызда жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ауа температурасы күндіз 1-3 градус жылы.

Алматы облысы

15 наурызда Алматы облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарда тұман күтіледі. 

Алматы қ.: 15 наурызда түнде және таңертең тұман күтіледі. 

Қонаев қ.: 15 наурызда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Түркістан облысы

15 наурызда Түркістан облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы ауданында 15-20, екпіні 23 м/с. 

Түркістан қ. : 15 наурызда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Абай облысы, Қарағанды облысы, Ұлытау облысы

2023 жылдың 14-16 наурыз аралығында Абай (Бородулха, Бесқарағай, Аягөз және Ақсуат аудандары), Ұлытау және Қарағанды облыстарында аралас жауын-шашын болжамына, сондай-ақ температуралық фонның жоғарылауына байланысты қарқынды қар еруі, еріген қар және беткейлік ағындының қалыптасуы, мұздық құбылыстың әлсіреуі және өзенде су деңгейінің көтерілуі күтіледі, бұл ретте судың жайылуы және тасқыны болуы мүмкін.

Солтүстік Қазақстан облысы

14 наурызда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы күндіз 0-5 градус жылы болады. 15 наурызда облыстың басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с. Ауа температурасы күндіз 3 градус жылы, түнде -2 градус аяз күтіледі. 

Петропавл қ.: күндіз 14 наурыз, тәулік бойы 15 наурызда шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. 14 наурызда оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы күндіз 2-4 градус жылы күтіледі. 15 наурызда батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, екпіні 25 м/с.

Оқи отырыңыз: Ауа райы: елімізде 83 жыл бұрынғы рекорд жаңарды