Ауа райы: Жауын-шашын жауып, көктайғақ болады

24.10.2022 в 14:51

Қазақстан бойынша жел күшейіп, тұман түседі

«Қазгидромет» синоптиктері дүйсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райына Батыс антициклоны ықпал етеді. Сондықтан жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Елдің батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында атмосфералық фронттар жүріп өтеді.

Осыған байланысты жаңбыр жауады, оңтүстіктің және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады.

Қазақстан бойынша жел күшейіп, тұман түседі, көктайғақ болады.