Қазақстанның екі облысында су тасқыны қаупі ескертілді

20.03.2023 14:51

20-22 наурыз аралығында жылы ауа температурасы сақталады

tengrinews.kz

"Қазгидромет" синоптиктері еліміздің екі облысында су тасқыны қаупі бар екенін ескертті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Синоптиктердің мәліметінше, Қостанай облысында 20-22 наурыз аралығында жылы ауа температурасы сақталады, сол себепті елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарын және жергілікті маңызы бар жолдарды еріген су басып қалу қаупі бар. Синоптиктер облыстың оңтүстігінде Наурызым, Жангелді, Амангелді аудандарында және Арқалық қаласы маңында қар еріп, еріген су ағындары қалыптасады, мұз еріп, су деңгейі көтеріледі деп болжап отыр.

20-22 наурыз аралығында, сондай-ақ Ұлытау облысында (Ұлытау, Жаңаарқа аудандарының солтүстігінде) ауа температурасының көтерілуіне байланысты қар еріп, су деңгейінің көтерілуі, арнадан асып, су басу ықтималдығы күтіледі.