Алматы қаласында 13 қаңтарда сағат 04.30-дан бастап қар жауа бастады. Таңғы 9-дағы жағдай бойынша қалада қалыңдығы 10 см қар жауды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қар жауа бастаған сәттен көктайғақтың алдын алу үшін жолдарға, қиылыстарға, жолайрықтарының кіре берістеріне мұзды ерітетін материалдар себілді, түскен қар бірден сыпырылып, тазартылды. Көктайғаққа қарсы 2650 м3 мұзға қарсы материалдар қолданылды.
Тротуарларды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, автотұрақ «қалталарын», жер үсті өткелдерін, саябақтар мен скверлерді қардан тазарту жұмыстары жүріп жатыр.
Таулы, тау бөктерінде аудандардаы, сондай-ақ жаяу жүргіншілер аймақтарында жауған қар бірден сыртқа ша шығарылуда.
Таңғы «қарбалас сағатта» қар тазалау жұмыстары аяқталған соң сағат 9:00-ден бастап жол полициясы патрульдік машиналарының еріп жүруімен қар тазалайтын колонналар ұйымдастырылды.
Қалада қар тазалау жұмыстарына 630 арнайы техника бірлігі, оның ішінде 234 құм лақтырғыш, 1907 жол жұмысшысы жұмылдырылды. Аудандар әкімдіктері мен қала әкімдігінде қар тазалау жұмыстарын тәулік бойы бақылайтын кезекшіліктер ұйымдастырылған.
Қазгидрометтің болжауы бойынша бүгін ауа температурасы күндіз минус 2 градусқа дейін болады, жауып тұрған қар күннің соңына қарай тоқтайды.