Төтенше жағдайлар департаменті ауа райының бұзылуына байланысты мектептерде сабақ тоқтатылғанын хабарлады
Семейде оқушылар қашықтан оқыту форматына көшірілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«2023 жылдың 6 желтоқсанында Семей қаласында ауа райының қолайсыздығына (қатты жел) байланысты 1-ауысымдағы 1-9 сынып оқушылары үшін сабақ қашықтан оқыту форматына көшірілді», - делінген әкімдік таратқан хабарламада.
Төтенше жағдайлар департаменті сондай-ақ күннің бұзылуына байланысты Семейде 1-9 сыныптар, Абай ауданында 1-11 сынып, Бородулиха ауданында 1-11 сынып, Бесқарағай ауданында 1-8 сыныптарда сабақ тоқтатылғанын хабарлады. Сабақ қашықтан жүргізілетін болады.