Қазақстанның бірқатар облысында 10-11 сәуір аралығында ауа райы құбылмалы болады, дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Жамбыл облысы
10 сәуірде күндіз, 11 сәуірде тәулік бойы Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. 10-11 сәуірде оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, 10 күндіз, 11 сәуірде түнде облыстың оңтүстік-батысында кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.
Тараз қ.: 10-11 сәуірде оңтүстік-батыстан жел соғады 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, 10 күндіз, 11 сәуірде түнде кей уақытта 30 м/с және одан аса күтіледі.
Маңғыстау облысы
10 сәуірде түнде Маңғыстау облысының оңтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында тұман күтіледі.
Қызылорда облысы
10 сәуірде Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі.
Қызылорда қ.: 10 сәуірде кей уақытта найзағай күтіледі.
Жетісу облысы
10 сәуірде Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с. Түнде облыстың орталығында, таулы аудандарында 3 градус үсік сақталады.
Талдықорған к.: күндіз 10 сәуірде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Түнде 1-3 градус үсік күтіледі
Түркістан облысы
10 сәуірде таңертең және күндіз Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жаңбыр жауады. 09 сәуірде кешке таулы және тау бөктерлі аудандарда, 10 сәуірде тәулік бойы облыстың басым бөлігінде кей уақытта найзағай, таулы және тау бөктерлі аудандарда бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, күндіз кей уақытта екпіні 23-28 м/с.
Шымкент қ.: 10 сәуірде таңертең және күндіз қатты жаңбыр жауады. 9 сәуірде кешке, 10 сәуірде тәулік бойы кей уақытта найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, 9 сәуірде кешке, 10 сәуірде тәулік бойы екпіні 15-20, күндіз 10 сәуірде кей уақытта 23 м/с.
Түркістан қ.: 10 сәуірде кей уақытта найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, күндіз кей уақытта 23 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысы
10 сәуірде түнде Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 23 м/с. Ауа температурасы күндіз 9-14 градус жылы күтіледі.
Петропавл қ.: 10 сәуірде оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Ауа температурасы күндіз 10-12 градус жылы күтіледі.