Жаңбыр жауады: 7 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Victor Glutsenko
Victor Glutsenko

Кей өңірде күн суытып, түнде үсік жүреді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Синоптиктер 7 қыркүйекке арналған ауа райы болдамын жариялады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жаууы мүмкін.

«Атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен ҚР аумағының басым бөлігінде найзағай ойнап,  жаңбыр жауады, елдің шығысында, оңтүстік-шығысында түнде қатты жауын шашын (жаңбыр, қар), күндіз қатты жаңбыр жауады. Батыста, республиканың орталығында антициклон әлі де жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. ҚР бойынша жел күшейеді, шығысында түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түседі», - делінген хабарламада.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының шығысында, Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді.

Ұлытау, Жетісу облыстарында, Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, Қызылорда облысының солтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, батысында, орталығында, Алматы облысының солтүстігінде, Қарағанды облысының батысында, шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында, Ұлытау облысының оңтүстігінде, Абай облысының батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Оқұи отырыңыз: Қыркүйекке ауа райы болжамы жарияланды

Новости партнеров