Қауіпті аймақтағы тұрғындар эвакуацияланды
Өңірдегі ТЖД осындай ақпарат таратты, 74 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
- Мұғалжар ауданындағы Жағабұлақ ауылында қардың еруі мен жауын-шашынның көп түсуіне байланысты екі аула учаскесін су басып, Жем өзеніндегі су деңгейінің көтерілу қаупі туындады. 74 адам, оның ішінде 30 бала эвакуацияланды, медициналық көмек қажет болмады, - деп жазды ведомстводан.
Оқи отырыңыз: Ақтөбе облысындағы үш ауылмен байланыс үзілді