Қазгидромет 6 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қызылорда облысының орталығында, шығысында найзағай ойнап, дауыл соғады. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 23 м/с жетеді. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырау облысының шығысында 37 градус қатты ыстық болады. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
7-8 тамызда Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда найзағай, бұршақ, дауыл соғады.
Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Іле Алатауының кей жерлерінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады. Жетісу Алатауында күндіз кей жерлерде қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.