Еліміздің бірқатар өңірінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды

06.08.2022 15:28

Еліміздің оңтүстігі мен батысында тұрақсыз ауа райы сақталады

ru.sputnik.kg

Қазгидромет 6 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қызылорда облысының орталығында, шығысында найзағай ойнап, дауыл соғады. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 23 м/с жетеді.  Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырау облысының шығысында 37 градус қатты ыстық болады. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

7-8 тамызда Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда найзағай, бұршақ, дауыл соғады.  

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Іле Алатауының кей жерлерінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады. Жетісу Алатауында күндіз кей жерлерде қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.