Алматыдан 360 шақырым қашықтықта жер сілкінді

13.12.2021 15:04

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 10,2

inform.kz

ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 13 желтоқсан күні Алматы уақытымен 08 сағат 03 минутта жерасты дүмпуін тіркеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 360 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 10,2, магнитудасы – 3,6. Эпицентрінің координаттары 39.96° солтүстік ендік, 77.05° шығыс бойлық. Жерасты дүмпуі 5 шақырым тереңдікте болған. МSК-64 шкаласы бойынша жер сілкінісі Алматы қаласында сезілген жоқ.