Алматы облысының таулы аудандарында катты қар күтіледі
Астана
Астана қ.: 30-31 желтоқсанда бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, 30 желтоқсанда кей уақыттарда 23-28 м/с.
Жамбыл облысы
30 желтоқсанда түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты қар күтіледі. 30-31 желтоқсанда облыстың таулы аудандарында тұман, 30 желтоқсанда жаяу бұрқасын күтіледі. 30-31 желтоқсанда оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, 30 желтоқсанда екпіні 23-28 м/с күтіледі. Тараз қ.: 30-31 желтоқсанда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, 30 желтоқсанда түнде кей уақытта 23-28 м/с күтіледі
Ұлытау облысы
30 желтоқсанда Ұлытау облысының басым бөлігінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, кей уақытта екпіні 23-28 м/с күтіледі. Жезқазған қ.: 30 желтоқсанда бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.
Маңғыстау облысы
30 желтоқсанда түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында, орталығында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ақтау қ.: 30 желтоқсанда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Қызылорда облысы
30 желтоқсанда Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың орталығында, солтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі.
Түркістан облысы
30-31 желтоқсанда Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, орталығында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Шымкент қ.: 30-31 желтоқсанда кей уақытта тұман күтіледі. Түркістан қ.: 30-31 желтоқсанда кей уақытта тұман күтіледі.
Ақтөбе облысы
30 желтоқсанда Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, орталығында көктайғақ күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында, күндіз солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. 31 желтоқсанда Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с күтіледі. Ақтөбе қ.: 30 желтоқсанда, түнде 31 желтоқсанда көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз 30 желтоқсанда, түнде 31 желтоқсанда екпіні 15 м/с күтіледі.
Батыс Қазақстан облысы
30 желтоқсанда түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысында тұман күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Орал қ.: 30 желтоқсанда тұман, көктайғақ күтіледі.
Қарағанды облысы
30 желтоқсанда Қарағанды облысының басым бөлігінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, кей уақытта екпіні 23-28 м/с күтіледі. Қарағанды қ.: 30 желтоқсанда бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.
Абай облысы
30 желтоқсанда Абай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күші 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 23-28 м/с. 31 желтоқсанда облыстың солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел шығысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23-28 м/с. Семей қ.: 30 желтоқсанда түнде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 17-22 м/с.
Шығыс Қазақстан облысы
30 желтоқсанда түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (көбінесе қар) күтіледі. Түнде облыстың басым бөлігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с. 31 желтоқсанда күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (көбінесе қар) күтіледі. Облыстың басым бөлігінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел шығысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 23 м/с. Өскемен қ.: 30 желтоқсанда бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 17-22 м/с.
Атырау облысы
30 желтоқсанда түнде және таңертең Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Атырау қ.: 30 желтоқсанда түнде көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-18 м/с.
Ақмола облысы
31 желтоқсанда Ақмола облысының басым бөлігінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Көкшетау қ.: 30-31 желтоқсанда таңертең және күндіз бұрқасын күтіледі. Жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, 30 желтоқсанда 15-20, түнде және таңертең екпіні 25 м/с, 31 желтоқсанда түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Қостанай облысы
30 желтоқсанда түнде Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, күндіз басым бөлігінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. 31 желтоқсанда облыстың басым бөлігінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Қостанай: 30 желтоқсанда таңертең және күндіз бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Павлодар облысы
30 желтоқсанда Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, түнде екпіні 23-28 м/с күтіледі. Павлодар қ.: 30 желтоқсанда бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, түнде екпіні 23 м/с күтіледі.
Жетісу облысы
30 желтоқсанда Жетісу облысының солтүстік-шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, орталығында, күші 15-20 м/с, Алакөл көлдері ауданында екпіні 18-23, кей уақыттарда 23-28 м/с. . Талдықорған қ.: 30 желтоқсанда күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Алматы облысы
30 желтоқсанда түнде және таңертең Алматы облысының таулы аудандарында кей уақытта катты қар күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады облыстың шығысында, орталығында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23-28 м/с. Алматы қ.: 30 желтоқсанда түнде және таңертең тұман сақталады. Қонаев қ.: 30 желтоқсанда түнде оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады кей уақытта 15-20, екпіні 23-28 м/с.
Жамбыл облысы
Тараз қ.: 29 желтоқсан күндіз, 30 желтоқсан түнде оңтүстік-батыстан жел соғады 15-20, екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.