Бүгін еліміздің 4 қаласында ауа сапасы нашарлайды

20.05.2023 16:21

Синоптиктердің 20 мамырға арналған болжамы

Фото ашық дереккөзден

«Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына байланысты болжам жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазақстан бойынша 20  мамырда Өскемен, Риддер, Атырау, Ақтау қалаларында ауаның қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.