"Қазгидромет" көктемнің алғашқы айына болжам жасады. Синоптиктер мәліметінше, Қазақстанның көптеген аймағына күнтізбелік көктем белгіленген мерзімде келеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Алдын ала болжам бойынша, наурыз айы жылы және жауын-шашынды болады. Ауа температурасы республиканың басым бөлігінде климаттық нормадан 1-2 пайызға жоғары, Атырау облысының батысында және солтүстік-батысында нормаға жақын болады деп болжанып отыр.
Наурыздың кей күндерінде еліміздің солтүстігі мен шығысында күндіз ауа температурасы 10 градустан 20 градусқа дейін көтеріледі деп күтіліп отыр.
Наурыздағы жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде нормаға жақын болады. Солтүстік Қазақстанның басым бөлігінде, БҚО, Қостанай, Ақмола облыстарында және Ақтөбенің солтүстігінде жауын-шашын нормадан артық жауады. Солтүстікте және шығыста аралас, елдің оңтүстігі мен батысында орташа деңгейде жауады.
Дереккөзі: Tengrinews.kz