"Қазгидромет" РМК 27 ақпанда Қазақстанның солтүстік өңірлерінде қар жауып, ақтүтек боран болатынын болжап, ескерту жасайды, деп хабарлайды Almaty.tv.
"Қазақстанның басым бөлігі антициклон ықпалында болып, негізінен, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты республикамыздың батыс бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады, ал еліміздің солтүстігінде қар жауып, ақтүтек боран борайды деп болжанады. Республика территориясы бойынша тұман, қатты жел болатыны да айтылады", - делінген хабарламада.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстіктен, оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. 27 ақпанда Оралда тұман, көктайғақ болады деп болжанады. Оңтүстіктен, оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні 18 м/с құрайды.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-батыс 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с жылдамдықпен жел соғады. Петропавлда жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді.
Күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде оңтүстік батыстан, оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік батыстан 15-20 м/с, күндіз 23 м/с жылдамдықпен жел соғады. Көкшетауда оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с құрайды.
Түркістан облысының солтүстігінде және таулы аудандарында солтүстік шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Қызылорда облысының солтүстігінде тұман болады деп күтіледі.
Павлодар облысының солтүстігінде, батысында оңтүстік батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі.
Қостанай облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, батысында оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Қостанайда күндіз жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.