Қар, жаңбыр: 1 қарашаға арналған ауа райы болжамы

01.11.2022 15:10
ашық дереккөзден

1 қарашада Қазақстан аумағының басым бөлігінде атомосфералық фронттардың әсерінен құбылмалы күн райы сақталады, қар және жаңбыр түрінде жауын-шашын жауады. Республика бойынша тұман, көктайғақ, желдің күшеюі болжанады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Сейсенбіде Маңғыстау облысының басым бөлігінде қатты жаңбыр күтіледі. Батыс Қазақстан облысының шығысында, күндіз Ақтөбе облысының солтүстігі мен орталығында қар және жаңбыр түрінде қатты жауын-шашын болады.