Қазақстанның бірқатар облысында 30 сәуірде ауа райы құбылмалы болады, дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Атырау облысы
30 сәуірде Атырау облысының батысында, солтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз 15-20 м/с күтіледі.
Алматы облысы
30 сәуірде күндіз Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарда найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.
2023 жылдың 27 сәуір – 01 мамыр аралығында Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында (2500 метр биіктігінен жоғары) жылымықтын аясында жауын-шашынның түсуінен және қар жамылғысының тұрақсыз болуына байланысты қар көшкіні қаупі сақталады.
Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты, қарлы беткейлерге шығу ұсынылмайды. Тауда абай болыңыздар.
Алматы қ: 30 сәуірде күндіз найзағай күтіледі.
Қонаев қ: 30 сәуірде күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.
Ақмола облысы
30 сәуірде күндіз Ақмола облысында солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-18 м/с күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы
30 сәуірде түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында тұман күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с.
Петропавл қ.: күндіз 30 сәуірде солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Абай облысы
30 сәуірде Абай облысында солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, батысында 15-20, күндіз 15-20, облыстың оңтүстігінде 23-28 м/с.
Семей қ: 30 сәуірде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Түркістан облысы
30 сәуірде күндіз Түркістан облысының тауларында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Батыстан солтүстік-шығысқа ауысатын жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с.
Түркістан қ: 30 сәуірде күндіз батыстан солтүстік-шығысқа ауысатын жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Ұлытау облысы
30 сәуірде Ұлытау облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Қарағанды облысы
30 сәуірде Қарағанды облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Маңғыстау облысы
30 сәуірде күндіз Маңғыстау облысының орталығында оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауыспалы жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысы
30 сәуірде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жел солтүстік-батыстан соғады, күші 15-20, екпіні 25 м/с.
Өскемен қ.: 30 сәуірде солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Қызылорда облысы
30 сәуірде Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында, солтүстігінде күші 15-20 м/с шаңды дауылмен күтіледі.
Жетісу облысы
30 сәуірде Жетісу облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 15-20, күндіз Алакөл көлдері ауданында екпіні 25 м/с.
Павлодар облысы
30 сәуірде түнде және таңертең солтүстігінде, батысында Павлодар облысының тұман күтіледі. Күндіз солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с.
Павлодар қ.: 30 сәуірде түнде 1-3 градус үсік күтіледі. Күндіз солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Жамбыл облысы
30 сәуірде күндіз, 01 мамырда тәулік бойы Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
Тараз қ: 30 сәуірде күндіз найзағай күтіледі. 30 сәуір-1 мамырда күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.
Ақмола облысы, Ақтөбе облысы, Қарағанды облысы, Павлодар облысы, Солтүстік Қазақстан облысы
29 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде түнде 1 градус үсік күтіледі, 30 сәуір - 02 мамырда облыстың басым бөлігінде түнде 2-7 градус үсік күтіледі.
30 сәуір - 02 мамырда Ақтөбе облысының солтүстігінде түнде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.
30 сәуір - 02 мамырда Қостанай облысының солтүстігінде түнде 3 градус үсік күтіледі.
30 сәуір - 03 мамырда Ақмола облысында түнде 1-6 градус үсік күтіледі.
30 сәуірде Павлодар облысының солтүстігінде, батысында, 01-03 мамырда облыстың басым бөлігінде түнде 2-7 градус үсік күтіледі.
30 сәуір - 03 мамырда Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында түнде 3 градус үсік күтіледі.
30 сәуір - 02 мамырда Қарағанды облысының солтүстігінде, 03 мамырда облыстың басым бөлігінде түнде 2-7 градус үсік күтіледі.
Астана қ.: 30 сәуір - түнде 03 мамырда 3-5 градусқа дейін үсік күтіледі.
Батыс Қазақстан облысы
30 наурызда Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.
Орал қ.: 30 наурызда жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, екпіні 18 м/с.