|
04.05.2022 | 10:11
881

4 мамырға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанның басым бөлігінде нөсер жауын жауады

4 мамырға арналған ауа райы болжамы Фото: ашық дереккөзден

«Қазгидромет» РМК-сы 4 мамырға күн райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Кәсіпорын таратқан деректерге қарағанда, атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында нөсер жауын жауады. Қазақстанның батысында, оңтүстік-батысында, солтүстігінде, солтүстік-шығысында жоғары қысым әсерінен күн ашық болады. Республика бойынша найзағай ойнап, жел күшейеді, елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында бұршақ жауып, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында желдің жылдамдығы секундына 15-20, кей уақытта 25 метрге дейін күшейеді. 

Таңертең және күндіз Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады, найзағай кезінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетіп, екпіні 25 м/с болады. Түркістан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады, найзағай кезінде жел 17-22 м/с-ке дейін күшейеді. Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай ойнайды, жел 15-20 м/с желдамдықпен еседі. Қостанай облысының оңтүстігінде найзағай ойнап, жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Күндіз Ақмола облысының оңтүстік-батысында найзағай ойнап, оңтүстігінде жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. 

Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі, оңтүстік-батысында жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Қызылорда облысының шығысында найзағай ойнап, дауыл тұрады. Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының шығысында тұман түседі. Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында, Павлодар облысының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир