Түнде тұман күтіледі
14 ақпанда елдің бірқатар өңірінде күн райы бұзылады. Бірнеше өңірде дабылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Ақтөбе облысының түнде облыстың онтүстігінде жаяу бұрқасын болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, желдің екпіні облыстың орталығында онтүстігінде және шығысында 15-20 м/с.
Атырау облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Ақмола облысында оңтүстік-шығысында, орталығында қатты қар жауады. Облыстың басым бөлігінде бұрқасын күтіледі. Түнде облыстың оңтүстік-шығысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, түнде облыстың оңтүстік-шығысында, батысында 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 25 м/с.
Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с күтіледі. Ақтау қ.: 14 ақпанда солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-18 м/с күтіледі.
14-15 ақпанда Жамбыл облысының оңтүстік-батысында жел соғады, күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, күндіз 14, түнде 15 ақпанда кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі. 14 ақпанда таңертең және күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, таулы, тау бөктерлі аудандарда көктайғақ күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде және тау бөктерлі аудандарда күші 17-22 м/с, таулы аудандарда және облыстың солтүстігінде 25 м/с, тау асуларында екпіні 30 м/с және аса.
Түнде Қызылорда облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде, орталығында, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с күтіледі. Қызылорда қ.: 14 ақпанда тұман күтіледі. Жел батыстан соғады, күндіз 15-20 м/с.
Қостанай облыстың батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с.
Нұр-Сұлтан қаласында қар, күндіз қатты қар, бұрқасын күтіледі. Түнде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, таңертен және күндіз 15-20 м/с.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, орталығында бұрқасын күтіледі. Күндіз облыстың орталығында қатты қар күтіледі. Оңтүстіктен батысқа жел ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Түнде 14 ақпанда Павлодар облыстың батысында, оңтүстігінде тұман, күндіз облыстың оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.