|
08.02.2019 | 10:11
2703

Еліміздің төрт облысында барлық бағыт бойынша жолдар жабылды

Еліміздің төрт облысында барлық бағыт бойынша жолдар жабылды Alashainasy.kz

Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында барлық бағыт бойынша жолдар жабылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz порталы «Қазақавтожол» сайтына сілтеме жасап.

«Қазақавтожол» өкілдерінің мәліметінше, СҚО, Алматы облысы және Шығыс Қазақстан облыстарында ауа температурасы 35 градусқа дейін төмендеуіне байланысты жолдар жабылған. Мұнда қоғамдық және дизельді көлік түрлері үшін қозғалыс тоқтатылып отыр.

Павлодар облысында да ауа температурасы 35 градусқа дейін төмендеп, барлық көлік түрі үшін қозғалыс тоқтатылды.

Сондай-ақ, ауа райының қолайсыздығына байланысты Орал-Тасқала, Самара-Шымкент тасжолдарының жабылғаны айтылады.

Атырау облысында Ақтөбе-Атырау-Астрахан тасжолы, Шұбарқұдық-Қарауылкелді ауылындағы тасжол жабылған. Алматы облысында да Үшарал-Достық тасжолында барлық көлік түрі үшін қозғалыстың тоқтатылғаны айтылады.

Еске салайық, кеше, 7 ақпанда синоптиктер Астанада және бірнеше облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жариялаған еді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир