Сәрсенбі күні таңертең елдің оңтүстігінде ондаған рекорд тіркелді
75 миллионнан астам адам тұратын АҚШ-тың оңтүстік аймағында қар жауып қалды. Ауа температурасының күрт төмендеуі жергілікті тұрғындар үшін күтпеген жағдай болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Флорида штатының Джексонвилл қаласында сәрсенбі күні ауа температурасы 5 градусқа дейін төмендеп, суық жел 2,5 градусқа дейін түсірді.
Сәрсенбі күні таңертең елдің оңтүстігінде ондаған рекорд тіркелді.
Техас штатының Остин қаласында температура -3 градус цельсийге дейін төмендеді, Джексонда (Миссисипи штаты) -1 градусқа жетті, Солтүстік Каролинадағы Шарлоттада рекордтық төмен -1 градус, Миссури штатының Канзас-Сити қаласында температура -4 градусқа дейін төмендеді, ал Айова штатының Сидар-Рапидс қаласында -9 градусқа дейін түсті.
Ұлы көлдер аймағында қалың қар жауып, салдарынан әлі жапырағы түсіп үлгермеген ағаштардың бұтақтары электр желілеріне басып қалып, мыңдаған адам жарықсыз қалды.
Дүйсенбі күні солтүстік Висконсин штатында 45 см-ге дейін қар жауды. Мичиган түбегіне шамамен 46 см қар түсті.
Ал Аляскада Джуно, Ситка, Кетчикан, Якутат, Хейнс және Скагуэй қалаларында керісінше қазан айы тарихта болмаған ыстық ауа райымен басталды.