Бүгін еліміздегі ауа сапасы қандай болады

23.12.2020 15:12

Ауаның сапасы нашарлауы ықтимал

Фото: ашық дереккөзден

«Қазгидромет» мамандары 23 желтоқсан күні Қазақстан қалаларында ауа сапасы қандай болатынын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Кәсіпорынның мәліметінше, сәрсенбі күні еліміздің бір қаласында – Ақтөбеде қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластануы мүмкін. Өзге шаһарларда метеоахуал - бірқалыпты.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.