Синоптиктер 11-13 қаңтарына жасалған ауа райы болжамын жариялады
"Қазгидромет" 11, 12, 13 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің солтүстік, орталық және шығыс аймақтарына әлі де Солтүстік-батыс антициклоны әсер етіп жатыр. 20-25 градус, кей жерлерде 30 градусқа дейін аяз сақталады.
"12 қаңтарда Солтүстік және Оңтүстік циклондардың әсерінен қар жауып, боран соғады, сондай-ақ ауа температурасы қысқа мерзімге көтеріледі. Алайда 13 қаңтарда суық Солтүстік-батыс антициклоны артқа қарай жылжып, солтүстік-батысқа, солтүстікке, шығысқа, елдің орталығына қайтадан 30 градусқа дейін аяз әкеледі", – делінген хабарламада.
Ал Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлеріне келетін болсақ, мұнда оңтүстік циклонның әсерінен жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді, сондай-ақ ауа температурасы 2-10 градусқа дейін біртіндеп көтеріледі.