Көктайғақ пен тұман: 12 қарашаға арналған ауа райы болжамы

12.11.2023 15:16

Кейбір аудандарда қолайсыз ауа райы болады

elements.envato.com

Атырау облысы

12 қарашада түнде және таңертең Атырау облысының басым бөлігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с. Атырау қ.: 12 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан облысы

12 қарашада түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының басым бөлігінде тұман күтіледі. Орал қ.: 12 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.

Түркістан облысы

12 қарашада түнде Түркістан облысында таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жауын-шашын (басымырақ жаңбыр) күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 15-20 м/с. Шымкент қ.: 12 қарашада түнде қатты жауын-шашын (басымырақ жаңбыр), тұман күтіледі. Түркістан қ.: 12 қарашада түнде тұман күтіледі.

Алматы облысы

12 қарашада Алматы облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Қонаев қ.: 12 қарашада оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Қостанай облысы

12 қарашада түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстігінде көктайғақ, тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Ақмола облысы

12 қарашада Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Абай облысы

12 қарашада түнде және таңертең Абай облысының шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Семей қ.: 12 қарашада оңтүстік-шығыстан жел соғады, епкіні 15-20 м/с.

Ақтөбе облысы

12 қарашада түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Ұлытау облысы

12 қарашада Ұлытау облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қарағанды облысы

12 қарашада Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қызылорда облысы

12 қарашада Қызылорда облысында жел батыстан соғады, облыстың орталығында, шығысында күші 15-20 м/с күтіледі.

Маңғыстау облысы

12 қарашада түнде және таңертең Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с күтіледі. Ақтау қ.: 12 қарашада оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысы

12 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Петропавл қ.: 12 қарашада тұман күтіледі.

Жамбыл облысы

12 қарашада түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 10-12 қарашада облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. 11-12 қарашада оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, 11 қарашада күндіз, 12 қарашада тәулік бойы екпіні 23-28 м/с күтіледі. Тараз қ.: 12 қарашада тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, 12 қарашада күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Оқи отырыңыз: Алматыда 13-19 қарашаға арналған ауа райы болжамы