Қазгидромет 16 қаңтарда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Әлі де Баренц теңізі аудандарындағы белсенді циклон жаңбыр мен қар түрінде мол жауын – шашын әкелуде, оңтүстік Қазақстанның таулы аудандарында қатты жауын-шашын болады. Сондай-ақ, көктайғақ, қатты жел бұрқасынмен бірге, оңтүстік Қазақстанның таулы аудандарында желдің екпіні 30 м/с және одан да аса болады деп күтілуде. Республика бойынша кей жерлерде тұман күтіледі.
Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түсіп, жел 15-20, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда 23-28, таулы асуларда 30 м/с және одан да аса болады деп күтілуде.
Ақмола облысының батысында, шығысында, солтүстігінде бұрқасын, көктайғақ, желдің жылдамдығы 15-20, күндіз солтүстік жартысында 23-28 м/с күтіледі.
Қостанай облысының оңтүстік-батысында көктайғақ, бұрқасын күтіледі, желдің күшеюі 15-20, екпіні 23-28 м/с дейін жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с, түнде облыстың оңтүстік-батысында екпіні 23-28 м/с күшейеді. Қарағанды облысының солтүстігінде, батысында, шығысында бұрқасын, көктайғақ, оңтүстік-шығысында тұман, солтүстігінде, шығысында, облыстың орталығында желдің күшеюі 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі.
Түнде солтүстік-шығысында, күндіз Шығыс Қазақстан облысының батысында жаяу бұрқасын, көктайғақ, түнде орталығында желдің күшеюі, күндіз батысында, орталығында, оңтүстік-шығысында 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі.
Күндіз Павлодар облысының оңтүстік-шығысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі, түнде солтүстігінде, күндіз оңтүстігінде, шығысында жел 15-20 м/с дейін жетеді. Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман, оңтүстік-батысында, таулы аудандарда желдің күшеюі 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Түнде Маңғыстау облысының басым бөлігінде, күндіз батысында көктайғақ, түнде батысында, орталығында желдің күшеюі 17-22 м/с күтіледі. Атырау облысының басым бөлігінде көктайғақ, тұман күтіледі, солтүстігінде, батысында желдің күшеюі 15-20 м/с жаяу бұрқасынмен болады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жел 15-20 м/с бұрқасынмен күтіледі. Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында, шығысында көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Қызылорда облысының оңтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі, күндіз облыстың орталығында жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің күшеюі 18-23 м/с дейін күтіледі.