Испаниядағы аптап ыстықтан шамамен 240 адам көз жұмды

17.07.2022 15:20

Ауа температурасы +45°C-қа дейін жетуі мүмкін

Luca Bruno/AP

Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Карлос III Денсаулық институты 10-14 шілде аралығына есеп жүргізіп, корольдікте сынап бағанының тым жоғарлауына байланысты 237 адам қайтыс болғанын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

ТАСС мәліметінше, Испанияның мемлекеттік метеорологиялық агенттігі көптеген аймақта ауа-райының қауіптілік деңгейін сары (қауіпті) және қызғылт сарыға (қатты қауіпті) көтерді.

Кейбір провинцияларда дабыл деңгейі ең жоғары деңгейге көтерілді, яғни қызыл (төтенше қауіпті) түске. Ауа температурасы +45°C-қа дейін жетуі мүмкін.