MPV магнитудасы - 4,8
Тәжікстанда жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Жерасты дүмпулерін Төтенше жағдайлар министрлігі "СТӘЭ" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 7 маусымда Астана уақытымен сағат 03:54-те тіркеді.
"Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 650 шақырым жерде Тәжікстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы-10,6. MPV магнитудасы - 4,8. Тереңдігі - 35 шақырым", - делінген хабарламада.