Синоптиктер сенбі, 21 қазанда бірнеше өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Атырау облысы
21 қазанда Атырау облысында оңтүстік, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Атырау қ.: 21 қазанда оңтүстік, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
Ақмола облысы
21 қазанда түнде және таңертең Ақмола облысының оңтүстік-батысында, солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с күтіледі. Көкшетау қ.: 21 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Астана
21 қазанда солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Ақтөбе облысы
21 қазанда түнде және таңертең Ақтөбе облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ақтөбе қ: 21 қазанда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Қызылорда облысы
21 қазанда түнде және таңертең Қызылорда облысының солтүстігінде тұман күтіледі.
Маңғыстау облысы
21 қазанда түнде және таңертең Манғыстау облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында 15-20 м/с күтіледі.
Қостанай облысы
21 қазанда таңертең және күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, шығысында 15-20 м/с күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы
21 қазанда түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде шығысында, күндіз облыстың батысында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстік-батысында тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, облыстың шығысында, оңтүстік-шығысында екпіні 23 м/с. Петропавл қ.: 21 қазанда түнде көктайғақ күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз 15-20 м/с күтіледі.
Павлодар облысы
21 қазанда Павлодар облысында батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 23 м/с күтіледі. Павлодар қ.: 21 қазанда батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Батыс Қазақстан облысы
21 қазанда күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Орал қ.: 21 қазанда күндіз қатты жаңбыр күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 18 м/с.
Шығыс Қазақстан облысы
20 қазанның сағат 21.00-ден 21 қазанның сағат 09.00-ге дейін Өскемен, Риддер қалалары бойынша, күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты, ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескертуі сақталады.
Абай облысы
20 қазанның сағат 21.00-ден 21 қазанның сағат 09.00-ге дейін Семей қаласы бойынша, күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты, ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескертуі сақталады.
Жамбыл облысы
21 қазанда күндіз Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. 21-23 қазанда облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. 21-23 қазанда оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, күндіз 22 қазанда, түнде 23 қазанда облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында екпіні 23-28 м/с күтіледі. Тараз қ.: 22 қазанда күндіз, 23 қазанда түнде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Оқи отырыңыз: Тұман, жаңбыр, көктайғақ: 20 қазанға арналған ауа райы болжамы