Алты облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

kazlenta.kz
kazlenta.kz
Аяз, боран және тұман күтіледі
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райының бұзылуына байланысты ескерту жасалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

4 желтоқсан түнде Маңғыстау облысында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстік-батысында жел екпіні 15-20 м/с жетеді. Түнде облыстың солтүстік-шығысында 15-20 градус қатты аяз болады.

4 желтоқсан күндіз Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын соғады. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің қарқыны күндіз облыстың орталығында 15-20 м/с шамасында болады.

4 желтоқсанда Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталағында жаяу бұрқасын көтеріледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні облыстың оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с дейін күшейеді.

4 желтоқсан түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі.

4 желтоқсанда Жетісу облысының Жалаңашкөл ауданы аймағында оңтүстік-шығыс желінің қарқыны 25 м/с жетеді.

4 желтоқсанда Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз тау асуларында желдің күші -15-20 м/с.

Новости партнеров