Еліміздің басым аумағында жауын-шашын болады

26.03.2019 15:25
Sputnik Казахстан

Кей аймақтарда тұман, көктайғақ, найзағай, желдің күшеюі сақталады.

Синоптиктер 26 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстанның басым аумағында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын түсіп, оңтүстіктің кей жерлерінде қатты жауын-шашын болады. Тек республиканың батысында, оңтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болады деп болжанып отыр. Кей өңірлерде тұман, көктайғақ, найзағай, желдің күшейюі сақталып, оңтүстікте күндіз бұршақ болуы мүмкін.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Өңірдің басым бөлігінде екпіні 15-20, кей жерлерінде 23 м/с жел күшейеді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай болып, дауыл, желдің жылдамдығы 15-20 артып, екпіні 25 м/с күшейеді, түнде және күндіз кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз бұршақ болуы мүмкін.

Солтустік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, желдің күшейюі 15-20 жетіп, екпіні 23-28 м/с болады.

Түркістан облысында күндіз найзағай болады, желдің күшейюі 15-20, екпіні 23 м/с артады деп күтіледі.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшеюі ықтимал.

Павлодар, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейіп, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.

Батыс Қазақстанда түнде және таңертең Манғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман болады.