Басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады
17 қыркүйекте атмосфералық фронталды бөлімдердің өтуіне байланысты ҚР басым бөлігінде тұрақсыз күн құбылмалы болады, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Қазгидромет» РМК хабарлауынша, бүгін найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Түнде еліміздің оңтүстік - шығысындағы таулы аудандарда жаңбыр, қар аралас жаңбыр жауады. Республика бойынша оңтүстікте, солтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста - екпінді жел, батыста, солтүстікте, солтүстік-батыста, шығыста, орталықта тұман түседі.
Қызылорда облысының орталығында, шығысында, Ұлытау облысының оңтүстігінде, төтенше өрт қаупі сақталады.
Жамбыл, Түркістан облыстарында, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстік жартысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысының солтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының шығысында топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді.