Аяз, тұман: 29 ақпанға арналған ауа райы болжамы

elements.envato.com
elements.envato.com
Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылдық ескерту жарияланды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ұлытау облысы:

29 ақпанда Ұлытау облысының солтүстігінде тұман түседі. Жезқазған қ.: 29 ақпанда тұман түседі.

Қарағанды облысы:

29 ақпанда Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Қарағанды қ.: 29 ақпанда тұман түседі.

Атырау облысы:

29 ақпанда Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Атырау қ.: 29 ақпанда түнде және таңертең тұман түседі.

Түркістан облысы:

29 ақпанда түнде және таңертең Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Шығыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с жетеді.

Қызылорда облысы:

29 ақпанда Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан облысы:

29 ақпанда түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Орал қ.: 29 ақпанда түнде және таңертең тұман түседі.

Ақмола облысы:

29 ақпанда Ақмола облысының батысында тұман түседі.

Қостанай облысы:

29 ақпанда Қостанай облысының оңтүстігінде тұман түседі.

Жетісу облысы:

29 ақпанда Жетісу облысы бойынша оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алаколь көлдері ауданында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 25 м/с жетеді.

Абай облысы:

29 ақпанда Абай облысында солтүстігінде, орталығында, оңтүстігінде жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күші 15-20 м/с, күндіз Жарма ауданында екпіні 23 м/с жетеді.

Шығыс Қазақстан облысы:

28 ақпанның сағат 21.00-ден 29 ақпанның сағат 21.00-ге дейін Өскемен, Риддер қалалары бойынша, күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты, ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескертуі сақталады.

Жамбыл облысы:

28 ақпанда - 1 наурызда Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. 01 наурызда күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ болады. 28 ақпанда – 01 наурызда солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с жетеді. Тараз қ.: 28 ақпанда - 01 наурызда кей уақыттарда тұман түседі. 01 наурызда күндіз кей уақыттарда көктайғақ болады.

Оқи отырыңыз: Әлде көктем, әлде қыс: 29 ақпан мен 2 наурыз аралығына арналған ауа райы болжамы

Новости партнеров