«Қазгидромет» РМК мамандары наурыз айына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Көктемнің алғашқы айы – наурызда Қазақстанның солтүстік облыстарында қыс мезгіліндегідей суық ауа райы болады, қар жиі жауып, бұрқасын болады. Жер көктайғақ болып, тұман түседі.
- Көктем шыққанымен, қыстың беті қайтпай тұр. Қазақстанның басым бөлігі ауқымды антициклонның ықпалында болып, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Соған қарамастан, еліміздің оңтүстігі мен солтүстігіне екі циклон әсер етіп, жауын жауып, жел күшейеді. Температуралық фон да теріс мәндерін сақтайды, яғни ауа райы салқын болады. Тек Қазақстанның батысында күндіз термометрлердің бағандары 10 градусқа дейін жоғарылап, жылынады, - делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: Қазақстан аумағы бойынша синоптиктердің маусымдық ауа райы болжамы жарияланды